Католиктердің адамның қу қаңқаларындағы қазыналары (ФОТО)
Католиктердің адамның қу қаңқаларындағы қазыналары (ФОТО)
10 жыл бұрын 4722

Бұл өнер тарихшысы Паул Коудоунаристің жарыққа шығарған католик шіркеулерінің жер төлелеріндегі асыл тастармен апталып-күптелген адам қаңқаларының суреттері. Әлемді қайран қалдырған бұл суреттер көп жайды аңғартса керек.

Бұл қаңқалар Римдіктердің католиктерге жасалған жаппай қырғынында қаза тапқан «шейіттерінің» қаңқасы көрінеді. Әрқайсы алтын, күміс, меруерт тастармен әшекейленген. Сірә, тірі адам олай әшекейленбес. Бәлкім, бұларды «Христиандардың алғашқы «шейіттері» деп білетіндіктен, осындай құрмет көрсететін шығар, бірақ қу қаңқаға әшекейдің не керегі бар екен?

Бұл қаңқалар Еуропаның түрлі шіркеулерінің астынан шығарылған екен. Шіркеу қызметкерлері бұларды 16 ғасырда көмілген жерінен шығарып, ынта-шынтасымен аптап, күптеп, жер қойнауына қайта табыстаған дейді. Әр қу қаңқаны әшекейлеу үшін 5 жыл уақыт кеткен. 

4 пікір
Мұрағат