Канзас университетінің зерттеуі нені көрсетті?
|
Канзас университетінің ғалымдары жол-көлік оқиғаларында жыныстық айырмашылықтың үлкен рөл ойнайтынын анықтады. Яғни, ерлер, әсіресе, демалыс күндері жол-көлік оқиғаларына жиі ұшырайды екен. Ал әйелдердің көше қиылыстарында көлік тізгініне ие бола алмай апатқа ұрынатынын немесе көлігін дер кезінде тізгіндей алмай адам қағып кететінін анықтады. Көбіне өз-өзіне сенімді бөріктілерге қарағанда ақ жаулықтылардың қауіпсіздік белбеуін тағатынын да анықтап білді. Қаіпсіздік мәселесінде әйелдердің ұқыптылығы ерлерге үлгі бола алады. Сондай-ақ, ерлердің жолдан шығып кетуі жиі қайталанатын көрінеді. 2005-2011 жылдар аралығында орын алған 150 жол-көлік оқиғаларына талдау жасаған сарапшылардың қорытындысы бойынша гендерлік айырмашылық көлік жүргізу дағдысында осылайша көрініс тапқан. Зерттеушілер осының негізінде көлік жүргізушілердің гендерлік айырмашылығын ескере отырып, қауіпсіздік шараларын белгілеуді ұсынып отыр.