Аяғы ауыр мұсылман әйелдерге түсік жасатуды ұсынды
Аяғы ауыр мұсылман әйелдерге түсік жасатуды ұсынды
10 жыл бұрын 3732

Гималайдағы Непал мемлекетін мекендеген тұрмысы төмен, иіні жүдеу мұсылмандар қиын жағдайда қалып отыр. Нақтырақ айтқанда, өзі азшылықты құрайтын осынау елдегі мұсылмандардың өсіп-өнуін қаламайтын қаскүнемдердің жымысқы әрекеті жаға ұстатады. Аяғы ауыр мұсылмандарға құрсағындағы шаранадан бас тартуын, яғни, түсік жасатып, алдырып тастауды талап етуде. Бұл шартқа көнбегендерге гуманитарлық көмек берілмейтін болады. Банке ауданының мұсылман жамағатының ақсақалы Хассан Мия да бұл ақпаратты растап отыр. Оның айтуынша, мұсылмандардың материалдық тапрышылық пен тапшылықтан қысылып отырғанын пайдаланып қалғысы келетін қарау ниеттілер осылайша нәсілдік кемсітушілікке жол беріп отыр. Непалдың денсаулық сақтау министрі Гопал Параджули адамзатқа қарсы осынау қылмысты тексеруге уәде беріп отыр. 

0 пікір
Мұрағат