Жирен түстілер жиылды
Жирен түстілер жиылды
9 жыл бұрын 3410

Өткен аптада, дәлірегі, сенбіде Ирландияның Корк графтығына қарайтын Кросхейвен кентінде жирен түсті адамдар осымен алтыншы мәрте жиылып, арнайы шара өткізді. Бұл жолы екі мыңға жуық адам келген екен. Бұл жайында Metro ақпарат көзі хабар таратты. Жирен түсті адамдар сәбізді қашыққа лақтырудан жарысқа түсті. Бұған қоса, олардың бетіндегі секпіл дақтар саналды. Ең көп секпіл дақтың иелеріне сертификат берілді, содан соң, жирен түстілердің королі мен ханшайымын таңдау рәсімі өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырушысы әрі идеологы Джолин Кронин (Joleen Cronin) жирен түстілердің басын қосу туралы ойдың 2009 жылы өзінің бауырының туған күнінде туғанын айтты. Жирен түстілердің ең ірі фестивалі Нидерландының Бред қаласында өтеді. Жыл сайын бұл шараға әлемнің елуден аса елінен мыңдаған адам ерінбей, ат арытып келетін көрінеді. Биыл жирен түстілердің жиыны қыркүйек айының 5-і мен 6-сы күндері алағында өтеді. 

0 пікір
Мұрағат