Жаңазеландиялық қажыларды полиция бастап барды (видео)
Жаңазеландиялық қажыларды полиция бастап барды (видео)
5 жыл бұрын 1757 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия королі Салман бин Әбдіәзіз әл-Саудтың арнайы шақыртуын қабыл алған жаңазеландиялық екі жүз қажы қасиетті сапарға аттанған еді. Аталған елден қажылыққа осы жылдың наурыз айында Крайстчерч қаласындағы мешітке намаз оқуға келген жамағатқа жасалған шабуылдан, яғни, мұсылмандарға қарсы терактіден қаза тапқандардың туған-туыстары келді. Жаңазеландиялық қажылардың шығынын Саудия жағы көтеріп алды. Саудия билігі жыл сайын саяси аласапыраннан, әлеуметтік катаклизмнен, табиғи апаттардан, т.б. зардап шеккендердің қажылық шығынын өз мойнына алып отырады. Биыл да бұл дәстүрден жаңылмады. Жаңазеландиялық қажыларды нәсілі бөлек демесең, нәпсісін Алла разылығы үшін тыйған, яғни, тура жолға түскен тегі еуропалық Нейля Хасан бастап барды. Полицияда жұмыс істейтін ол қасиетті екі мешіт қамқоршысына, яғни, Саудия монархына толқи тіл қатып, алғысын білдірді. Жаңазеландиялық қажылар атынан. 

 

0 пікір
Мұрағат