|
Израиль қаруларынан гүл жарып шығуда...
|
Палестинада Рамаллаға жақын орналасқан бір ауылда Сабиха Абу Рахмен есімді әйел өздеріне Израиль әскерлерінің лақтырған газды қаруларын гүл отырғызатын құты ретінде қолданады екен. Ауыл тұрғындарын жаралау және өлтіру мақсатында лақтырылған бұл газды қарулардың көптігінен гүлзар әжептәуір бақшаға айналған. «Таспен атқанды аспен ат» дегендей, Сабиха Абу Рахмен Израильдің озбырлығына қарсы өзінің наразылығын осылай жеткізуде. Ауыл тұрғындары: «Газды қарулардың құтыларынан жарып шыққан гүлдер өмір мен өлімді де жарып шыға алатынын көрсетеді» дейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркия жұмыс іздеген шетелдіктер үшін ресми сайт ашады
■
Әлемде алғаш рет жасанды зердемен жабдықталған сұйық робот әзірленді (видео)
■
Тағы бір ел жұмыс іздеген шетелдіктер үшін мемлекеттік портал ашты
■
Индонезия сукук аукционында 673 млн доллар тартты. Нарық үшін маңызы қандай?
■
Визаның жааңа түрі пайда болды










