ИСИМ сарбаздары елдеріне оралуды қалайды
ИСИМ сарбаздары елдеріне оралуды қалайды
10 жыл бұрын 3421 islamnews.ru

Статистика мәліметтеріне қарағанда "Ислам мемлекеті" деп аталатын радикалды топтың әрекетін қолдап Ұлыбританиядан 500-ге жуық адам аттаныпты. Бірақ, солардың көбісі Сириядағы жағдайды өз көзімен көргеннен кейін қателесіп келгендерін байқаған. 

Топтың бір мүшесі әлгілерден көмек сұраған. Елге келуін өтінген. Бір жас мұсылман жігіт өзінің 30 шақты досын ертіп, Сириядағы халықты Асадтың репрессивті режимінен босатамыз деп келген. Алайда, келгеннен кейін жағдай олар ойлағаннан басқаша болып шыққан.  

Қазір ИСИМ тобының 10 мүшесі өз әрекеттерінен бас тартып, елге қайтуды ойлап отыр. "Біз мұнда қатаң режиммен күресеміз деп келіп, қайдағы бір содырлардың ордасына тап болдық. Біз мұнда олар үшін келген жоқпыз. Ал, егер де біз Британияға қайтар болсақ, барғаннан кейін түрмеге отырғызады, - дейді зерттеу орталығымен байланысқан британдық жігіт.

1 пікір
  • Макаланын атын баскаша ойластырып жазу керек еди. Айтпесе ИСИМ радикалды террористик уйымнын мушелерин "сарбаз" деу аркылы, уйге оралатын "кахармандар" сиякты тусиникке себеп болуы мумкин.
    10 жыл бұрын
Мұрағат