|
Иранның қорғаныс министрінің мәлімдемесінде не айтылды?
|
Иранның Қорғаныс министрі Хоссейн Дехкан ливандық әріптесі Самир Мекбелмен кездесуі барысында Израилдің ИСИМ содырларына дем беріп, көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Израил билігі Таяу Шығыстағы сионистерге қарсы наразылықты басу үшін ИСИМ содырларын пайдалануда. Бұл жайында Fars ақпарат агенттігі хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің хабарлауынша, ИСИМ-нің штаб-пәтері Израилдің Мосул қаласында және Ирактың өзге елді-мекендерінде орналасқан. Сондай-ақ, Израил емханаларында ИСИМ-нің ссириялық содырларына медициналық көмек көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті. Израил билігі 1200 сириялыққа жалпы сомасы 10 млн долларды құрайтын көмек көрсеткен көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды