Ираннан 114 400 долларға сәндік балық экспортталған
Ираннан 114 400 долларға сәндік балық экспортталған
3 жыл бұрын 1630 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранның Мақалата қаласының өнеркәсіп, кен және сауда-саттық департаментінің жетекшісі Реза Мәлік биыл елден жалпы сомасы 114 400 долларға сәндік балықтар шетел асырылғанын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, осы жылдың басынан бері 87 мың сәндік балық Арменияға, Иракқа, Үндістанға және Кувейтке экспортталған. Осы орайда 55 мың тұрғыны бар Мақалата қаласының Маркази провинциясының бір  әкімшілік орталығы болып табылатынын айта кетпекпіз. Аталған елді-мекен фасад тасы өндірілетін, сәндік балық пен өсімдіктер және гүлдер өсірілетін Аракадан 105 шақырым қашық жатыр.

Ұқсас материалдар:

«Сән үшін ұсталатын балық экспорты бойынша шиғалар елі алға шығып келеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/san-ushin-ustalatyn-balyq-eksporty-boiynsha-shigalar-eli-alga-shygyp-keledi-13951/#gsc.tab=0);

«Декоративті (сәндік) тасты өндіруде көш басынан көрінген ел» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/dekorativti-sandik-tasty-ondirude-kosh-basynan-koringen-el-12047/#gsc.tab=0);

«Ирандағы декоративті тастың қоры қанша» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/irandagy-dekorativti-tastyn-qory-qansha-13701/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат