Өткен жылы қарулану шығыны рекордтық деңгейге жеткен
Өткен жылы қарулану шығыны рекордтық деңгейге жеткен
1 ай бұрын 324 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2020 жылы әлем бойынша қорғаныс пен қарулануға шыққан шығын 1,83 трлн долларға жеткен. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен (2019 ж.) салыстарғанда 3,9%-ға көп. Бұл жайында islam.kz порталы Лондон мегаполисіндегі Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (IISS) әзірлеген «Әскери баланс – 2021» деп аталатын баяндамасында келтірілген деректерге сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған баяндамада қамтылған мәліметтерге үңілсек, әскери шығын бойынша баяғыша АҚШ көш бастаған – әлемдік әскери шығынның 40%-дан астамы осы елге тиесілі. Дәлірегі, АҚШ Қарулы күштері қорғаныс пен қару-жараққа 738 млрд. Доллар жұмсаған. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен (2019 ж.) салыстырғанда 53,4 млрд долларға көп. Пандемияға және жұқпалы індет салдарынан әлемдік экономика 4,4%-ға кемігеніне қарамастан әлемдік державалар соғысқа дайындалып жатқандай әсерде қалдырып отыр – осынша шығын шығарғанына қарап отырып осындай ой туады. Екінші орыннан Қытай көрінген - 193,3 млрд. доллар; Үндістан - 64,1 млрд. доллар. Сондай-ақ, аталған тізім бойынша алғашқы ондыққа Ұлыбритания (61,5 млрд. доллар), Ресей Федерациясы (60,6 млрд. доллар), Франция (55 млрд. доллар), Германия (51,3 млрд. доллар), Жапония (49,7 млрд. доллар), Саудия (48,5 млрд. доллар) және Оңтүстік Корея (40,4 млрд. доллар) кірген.

0 пікір
Мұрағат