|
Христиан елінің жаңа премьер-министрі Інжілге қолын қойып ант беруден бас тартып, айшықты алып тастауды талап етті
|
Испанияның су жаңа премьер-министрі Педро Санчес жауапты қызметке кірісер алдында дәстүрге айналған рәсімді бұзып, Інжілге қолын қойып, ант беруден бас тартып қоймай, салтанатты шарада айшықты алып тастауды талап етті. Бұл жайында «Би-Би-Си»ақпарат көзі хабар таратты. Кәрі құрлықтағы аталған елдің социалистер партиясының жетекшісі Педро Санчес Испания тарихындағы тұңғыш атеист премьер-министр. Інжілмен ант етудің орнына ол ар-ожданымен серт берді. Айта кетейік, 46 жастағы Педро Санчес коррпуцияға шатылып, қызметінен кеткен бұрынғы ел премьері Мариано Рахояның орнына келді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады
■
Араб елі орман өртегендерді өлім жазасына кесетін заңды қабылдады
■
Қарапайым киім индустриясы биыл жаңа белесті бағындырады
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады