|
Ханзада Гарри ойламаған жерден мешітке бас сұқты
|
Британ билігінің төртінші тақ иегері ханзада Гарри Оман астанасы Маскат қаласындағы іссапары барысында ойламаған жерден Орталық мешітке бас сұғып, аралап шығуды жөн санады.
Құлшылық ордасына тәртіп бойынша, аяқ киімін шешіп кірген ол мешіт ғимаратының таңғажайып сұлулығына таң-тамаша қалды. 20 000 жан сыятын алып мешіт туралы кейбір ақпараттарды ханзада Гарри өзі сұрап біліп отырды. Соңынан мешіт кітапханасына бас сұққан ол қабырғада ілініп тұрған әкесі Чарльз суретін көріп, алғысын білдірді.
Еш ескертусіз, ойламаған мешітке келген ханзаданың бұл әрекетіжергілікті тұрғындардың мақтаныш сезімін туғызды. Мәз-мейрам болған олар ханзаданы алыстан суретке түсіруге тырысты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды