|
Ғалымдар көрінбеуге мүмкіндік беретін оптикалық құрылғы ойлап тапты (видео)
|
Көрінбей өмір сүруді адамзат ежелден армандап келеді. Бұл тақырыпта ғылыми-фантастикалық фильмдер түсірілді, талай кітап жазылды, ертегілерге арқау болды. Қанша рет тәжірибе жасалды десеңші. Рочестер университетінің ғалымдар көрінбеуге мүмкіндік беретін плащ ойлап таппаса да, көрінбеуге мүмкіндік беретін оптикалық құрылғыны ойлап тапты. Ол үшін бірнеше оптикалық линзаны алып, аса күрделі математикалық есептерді жүргізіп, шағын нысананың маңындағы жарық толқынын сындыруға қабілетті оптикалық құрылғыны ойлап тапты. Адам осы құрылғы арқылы қарайтын болса, оның алдындағы нысана жоғалып кетеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды