|
Фюрер отставкіге кетті
|
Кәрі құрлықты мұсылмандардан азат етуді көздеген (осы мақсатта талай рет шеру ұйымдастырып, діни араздықты қоздыратын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген болатын) «Еуропаның исламдануына қарсы патриот еуропалықтар» (PEGIDA) қозғалысының көсемі Лутц Бахман Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында отставкіге кететінін жария етті. Бұған қоса, оның өзі пір тұтатын, екінші дүнижүзілік соғыс отын тұтатқан Адольф Гитлерге еліктеген бейнесінің баспасөз беттерінде пайда болғаны да қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Ол бұл мәлімдемесін иммигранттарға қарсы ел саясатына қайшы келетін нәсілдік кемсітушілікке толы сөзі үшін Дрезден қалалық прокуратурасы оның соңына түскеннен кейін жасады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды