Франция ИСИМ-нің атауын өзгертуді ұсынды
|
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылман жамағатының жетекшілері мен қайраткерлері барша бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлерді асыл дінімізге күйе жағатын, содырлар өздерінің арам мақсаттарына пайдаланып келген «Ислам мемлекеті» деген атауды өзгертіп, әр нәрсені өз атымен тура мағынасында атауға шақырып келген болатын. Мұсылмандардың бұл үндеуіне Францияның сыртқы істер министрі Лоран Фабиустың қана құлақ асқанын айта кету керек. Washington Post ақпарат көзі Лоран Фабиустың сөзін келтірген екен: «Бұл мемлекет емес, террористік топ. Мен «Ислам мемлекеті» деген тіркесті қолдануға қарсымын, өйткені, бұл ислам мен содырлардың арасындағы айырмашылықты жояды. Арабтар оларды «ДАИШ» деп атайды. Олай болатын болса, мен оларды «ДАИШ баскесерлері» деп атаймын». Ал өткен айда Мысырдың «Дар әл-Ифта» деп аталатын діни құзырлы орын ИСИМ-ді «әл-Каиданың Шамдағы және Сириядағы сепаратистері» деп атауды ұсынған болатын.