Флорида жағалауынан 4,5 миллион долларға бағаланған қазына табылды
Флорида жағалауынан 4,5 миллион долларға бағаланған қазына табылды
9 жыл бұрын 2799

Американдық дайверлер (суға сүңгушілер) осыдан 300 жыл бұрын суға батқан кемеден 350 испандық алтын тиын тауып алды. USA Today ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл қазына 4,5 миллион долларға бағаланған. Дайверлерге барлық тиынды Атлан мұхитының түбінен құрлыққа алып шығу үшін екі күн қажет болған. Дайверлер алдымен 230 тиынды тапқан, артынан 75 алтынды тауып алған. Олардың он тиыны өте сирек кездесетін болып шықты. Олар 1700-ші жылдары сол кездегі Испания королі Филлип V-ге арнайы шекілген. Олардың әрбіреуі қазіргі уақытта 300 мың долларға бағаланып отыр. «Қазына іздеушілер үшін мұндай олжа олимпиадалық медальмен пара-пар", - деп ағынан ақтарылды дайвер Уильям Бартлетт (William Bartlett). Бұл қазына 1715 жылы Гаванадан Испанияға бет алған жолда суға батқан кемеден табылған. Суға батқан кемеде мыңнан аса адам қаза тапқан. Мұхит тұңғиығына жасырынған қазына 400 млн долларға бағаланып отыр. 

0 пікір
Мұрағат