Еркектерді сақтау қоймасы ашылды
Еркектерді сақтау қоймасы ашылды
7 жыл бұрын 3964 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шанхай қаласындағы сауда орталықтарында дүкен аралығыс келмейтін күйеуін уақытша сақтауға қоятын қойма ашылды. Әрбір еркек үшін компьютер қойылған будка  қарастырылған. Әйелімен дүкен аралағысы келмейтін ер-азаматтар осы будкадағы компьютер алдында отырып, уақыт өткізе алады. Айта кетейік, алғашқы айда бұл қызмет түрі тегін көрсетіледі. Қытайдың The Paper мерзімді басылымының тілшісі осынау сервисті байқап көрген ер-азаматтармен сөйлесіп көрген екен. Дүкен аралығыс келмейтін "күйеулер" мұндай сервисті қолдап отыр. Десе де олар желдеткіш орнатылса деген өтініштерін де айта кеті. Естіген шығарсыздар немесе естісеңіздер, естеріңізде шығар, осыдан біраз жыл бұрын қытайдың осы заманғы сауда орындарында әйелі бес сағат бойы дүкен аралағанына ашуланған ер адамның өзін төменгі қабатқа лақтырып жіберіп, қаза тапқаны... 2016 жылы РФ-дағы Новосібір қаласында ересектерге арналған балалар бақшасы ашылған болатын. Бұл бала бақшаға келгендер пласталиннен ойыншықтар жасап, балалық шағын еске түсіріп қайтады. Бұл бала бақшаға 28 бен 40 жас аралығындағы әйелдер және 23 пен 30 жас аралығындағы ерлер қызығушылық танытқан. 

0 пікір
Мұрағат