|
Еңбек мигранттары аударған ақша экспорттан түсетін табыстан асып түскен ел
|
Нәпақасын шетелден айырып жүрген қырғыз мигранттарының елге аударған ақшасы 200-2019 жылдар аралығында 19 млрд долларға жеткен. Бұл көрсеткіш елге тікелей тартылған инвестиция мөлшерінен екі есе асып түседі. Бұл жайында Қырғызстан президенті Соронбай Жәнібеков мәлім етті. Алатаудың арғы жағындағы айыр қалпақты ағайындардың басшысы осылай дей келе соңғы он жыл ішінде елдегі экспорттан түскен табыс 18 млрд долларды құрағанын, ал инвестиция сомасы 8,3 млрд құрағанын жеткізді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қырғыздың еңбек мигранттары елге 2,68 млрд доллар ақша аударған. Бұл көрсеткіш 2017 жылғыдан 8,2%-ға көп.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады