|
Ең бақытты балалар Түркияда тұрады
|
Зерттеушілер әлемнің 15 елінде 8-ден 12 жасқа дейінгі 50 мыңнан аса баланы сөзге тартып, олардың өмірге қаншалықты көңілі толатынын сұрап білген. Нақтырақ айтқанда, олардың мектеп қабырғасында, отбасында, достарының ортасында өздерін қалай сезінетінін, уақытын қайда және неге жұмсайтынын тәптіштеп сұраған екен. Бұл тараптағы зерттеу жұмысына Jacobs Foundation қоры қолдау көрсеткен. Зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, осындай сауалдар қойылған балалардың дені өздерін бақытты сезінетіндіктерін жасырмаған. Осы арада айта кету керек, өміріне көңілі толатын балалардың дені Түркияда тұратын болып шықты – 78%; Колумбия мен Румынияда бұл көрсеткіш – 77%; ал Оңтүстік Кореяда 40%-ды құраған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды