|
Джинсты хиджаб қолдан-қолға тимей өтіп жатыр
|
Америкалық American Eagle Outfitters бөлшек сауда жедлісі джинсты хиджабты саудаға шығарған. Алғашқы партиясы қолдан-қолға тимей өтіп кеткен. Бұл жайында News Times ақпарат көзі хабар таратты. Шариғат шәлісімен сұлулық байқауында топ жарған сомалилік-америкалық модел Халима Аден жарнама науқаны аясында ұсынған бұл хиджаб мұсылман әйелдер тарапынан үлкен сұранысқа ие болған. Заман талабына сай шы,арылған бұл хиджаб әзірге АҚШ-та ғана саытылып жатыр. Айта кетейік, биыл тауарлары әлемге әйгілі брендке айналған Nike компаниясы хиджабтың спорттық түрін шығарған еді. Яғни, кәсіби спорт түрлерімен шұғылданатын мұсылман әйелдер үшін шығарған бұл өнімі де үлкен сұранысқа болған еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады