Таяу Шығыста да отбасы институты әлсірей бастаған
Таяу Шығыста да отбасы институты әлсірей бастаған
3 жыл бұрын 2200 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі ең консервативті саналатын елдер қарасы көп Таяу шығыс аймағында соңғы он жыл ішінде отбасын құруға асықпайтындар қарасы көбейіп келеді. Дәлірегі, соңғы 10 жыл ішінде отбасын құру жасы орташа есеппен тоғыз жылға ұлғайған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Халықаралық отбасы институтының ұйымдастыруымен Доха қаласында өткен араб әлеміндегі отбасы және неке мәселелеріне қатысты онлаин жиынға жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Теһран университетінің профессоры Мұхаммед Аббас-Шауаздың айтуынша, бұл құбылыстың астарында экономикадағы тұрақсыздық, жаһандану, миграция, урбанизация, білім беру жүйесіндегі күрделі өзгерістер жатыр. Тіпті, Саудия мен Кувейт секілді ең консервативті елдердің өзінде бүгінде әйелдер 26 жастан асқан соң тұрмысқа шығады, ал Ливанда бұл көрсеткіш – 28 жас. Кувейт жоғарғы оқу орнының әлеуметтік ғылым факултетінің деканы әрі отбасы мәселелері бойынша сарапшы Хаммұд әл-Қашанның келтірген дерегіне қарағанда, бүгінде аталған араб елінде жасы отыздан асқан ерлердің 33%-ы, әйелдердің 21%-ы әлі отбасын құрмаған.

0 пікір
Мұрағат