Диетаға отырған Дубай тұрғыны 40 келі алтын алды
Диетаға отырған Дубай тұрғыны 40 келі алтын алды
10 жыл бұрын 3211

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Дубай билігінің бастамасымен өткен «Киллограмға алтын айырбастау» акциясы аясында қала тұрғыны 40 келі алтынға ие болды. Аталмыш акция елдегі семіздікпен күресу мақсатында қолға алынған болатын. Семіздік – Парсы шығанағы елдерінде кеңінен тараған індетке айналды. Бұл шараға бас-аяғы 28 - мыңға жуық адам қатысқан екен. Алайда, әр тастаған салмағы үшін екі келі алтын тігілген жүлделі орынға 7356 адам ғана қол жеткізген. Бұл жайында «әл-Жазира» ақпарат көзі хабар таратты. Дубай қаласының әкімі Халед Әлі бин Зайедтың айтуынша, осы шара барысында 2829 адам 5 келіден бастап, 10 келіге дейін салмақ тастаған. 27 адам 20 келіден бастап, 30 келіге дейін артық салмақтан құтылған көрінеді. Жеңімпаз атанған 4 адам 30 келіге және одан көп келіге артық салмақтан құтылып, арықтаған. Осындай мәліметтерді тізген қала әкімі Дубай шаһарын салауатты өмір салтын ұстанатын әлемдік орталыққа айналдыруды көздейді. Осы мақсатта қала әкімдігі тұрғындарды артық салмақтан арылтуға ынталандыратын әрі көмектесетін түрлі шаралар ұйымдастырып келеді.

1 пікір
Мұрағат