Cаудия ислами құнды қағаз шығаратынын жариялады
Cаудия ислами құнды қағаз шығаратынын жариялады
7 жыл бұрын 3085 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд арабиясының қаржы министрлігі жергілікті валютада ислами құнды қағаз шығару жөніндегі бағдарлама әзірлейтіндерін жария етті. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ел билігі мұндай қадамға әлемдік мұнай бағасының төмен түсіп кетуіне байланысты, яғни, мемлекет бюджетін толтыру мақсатында баратындарын мәлімдеді. Коммерциялық банктер мемлекеттік сукук бағдарламасы аясында исами құнды қағаздар жуық арада шығарылып қалатынын айтып отыр. Оның мөлшері 10 млрд риалды (2,7 млрд долларды) құрамақ. Айта кетейік, аталған ел аумағында 2015 жылы ислами емес, яғни, шариғат талаптарына негізделмеген, ішкі нарыққа арналған құнды қағаз шығарылған болатын. Алайда, көп ұзамай оның айналымын тоқтатқан еді. Саудия алғашқы халықаралық сукукты сәуір айында шығарған болатын. Сол кездегі ислами құнды қағаз 9 млрд долларға дейін қаражат тартылған еді. 

0 пікір
Мұрағат