|
Бразилияның футбол клубы өз жанкүйерлеріне арнап мола салады
|
Сан-Паулу қаласының "Коринтианс" футбол клубы өзінің жанкүйерлеріне арнап мазарат құрылысын бастағалы отыр. Сүйікті ойыншысының қасына жерленгісі келетін азаматтар бірнеше мың долларға осы моладан алдын ала жер сатып ала алады. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
"Коринтианс мәңгілікке" деп аталатын мазарат Сан-Паулу қаласының сырт жағында орналасқан. Мұнда барлығы 70 мың адамды жерлеуге мүмкіндік бар.
Жанкүйерлермен бірге қайтыс болған даңқты футболшылар да осы моладан жай табады. Бұрындары қайтыс болып, өзге мазарға жерленгендерін қазып алып қайта жерлейміз дейді клуб басшылары.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды