|
Бойжеткендердің үйлену жасын көтерді
|
Өзбекстанда бойжеткендердің тұрмысқа шығу жасын ұзартты. Аталмыш ел президенті Шавкат Мирзеев бұл бағытта тиісті қаулыға қолын қойды. Бұл жайында Nuz.uz ақпарат көзі хабар таратты. Осы уақытқа дейін Өзбекстанда бойжеткендерге 17 жасында ұзатылуға рұқсат беріліп келген болатын. Ал бозбалаларға 18 жасында шаңырақ көтеруіне болатын. Ендігі жерде бойжеткендер де тек 18 жасында ғана некесін қидыра алады. Осылайша бойжеткендердің тұрмысқа шығу жасы бозбалалардың шаңрық көтеру жасымен теңестірілді. Бұл ереже 2019 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап күшіне енеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды