Биыл CO2 деңгейі XVIII ғасырдағы көрсеткішке қарағанда 50%-дан көп болады
Биыл CO2 деңгейі XVIII ғасырдағы көрсеткішке қарағанда 50%-дан көп болады
3 жыл бұрын 1935 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Британияның метеорологиялық бюросының алдын ала асаған болжамы бойынша биыл, яғни, 2021 жылы атмосферадағы көмірқышқыл газы XVIII ғасырдағы деңгейге қарағанда 50 пайыздан аса көп болады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталған бюроның келтірген дерегіне сай осы жылдың сәуір-маусым аларында атмосферадағы CO2 көрсеткіші индустрия дәуірі басталған XVIII ғасырдың соңындағы деңгейден асады. Британия метереология бюросының маманы Ричард Беттстің айтуынша, өткен 2020 жылы пандемиия салдарынан атмосфераға көмірқышқыл газы бұрын-соңды болмаған деңгейде аз бөлінсе де биыл осындай көрсеткіш орын алады. Метеорологиялық бюро өкілдері мәлімдегендей, индустриялық дәуірдің бас кезінде атмосферадағы CO2 концентрациясы шамамен 200 жыл бойы 25%-дан аспаған.

0 пікір
Мұрағат