Эндокринолог асқа тәуелділіктің белгілерін атады
Эндокринолог асқа тәуелділіктің белгілерін атады
2 ай бұрын 676 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік эндокринолог дәрігер Зухра Павлова ас-ауқатқа деген психологиялық тәуелділіктің белгілерін атады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Эндокринолог дәрігер адамның ас-ауқатқа деген психологиялық тәуелділігінің белгілерін өзінің  Instagram әлеуметтік желісіндегі акаунтында психотерапевт дәрігер Евгений Кушнирскимен тікелей сұхбат кезінде атап өтті. Өз ісіне жетік маманның сөзіне қарағанда, тамақтану әдетінің бұзылуына тамақтану режимін сақтамау немесе эндокриндік жүйенің істен шығуы секілді факторлар ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар, аталмыш проблеманың психологиялық аспектілері де болады. Осылай дей келе ол ас-ауқатқа тәуелділіктің жеті белгісі барын тілге тиек етіп, егер аталған белгілердің кем дегенде үшеуі бойыңыздан табылса, психотерапевт дәрігердің көмегімен жүгінуге кеңес беріп отыр. Дәрігердің айтуынша, ең басты белгісі – адамның ұдайы тамақты ойлайды. Ол тәуліктің кез келген мезгілінде тамақтануды ойлап тұрады, оның басты көңіл көтеретін нәрсесі де осы тамақпен байланысты – мейрамханаға немесе қандай да бір қоғамдық тамақтану орнына бару оның көңілін көтереді. Бұдан кейінгі белгісіне тамаққа байланысты көңіл күйінің құбылып тұруын жатқызған – ондай адам тамақтанғанда бірден көңілденеді, алайда, қарны ашса, ашушаң болып кетеді. Содан кейінгі белгісіне әр тамақтанып, қарны тойғаннан кейін өзін кінәлі сезінуін жатқызған.

0 пікір
Мұрағат