Бір мезгілде хафыз атанған төртем
Бір мезгілде хафыз атанған төртем
5 жыл бұрын 4938 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Құдыс қаласының маңында тұратын төртем бір мезгілде хафыз атанды. Қасиетті Құранды жатқа айтатын егіздер мектепті де жақсы бағамен бітірген. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Құдыс шаһарының маңындағы Умм-Туба елді-мекенінде тұратын Дина, Дима, Сюзан және Разан әл-Шанити есімді егіздер қасиетті Құранды 13 жастарынан жаттай бастаған. 17 жастарында толық жаттап алды. Олар бір-біріне тілектес болып, қолдау білдіріп отырған. Олардың анасы қыздарының тек түр-тұлғасы ғана емес, сонымен қатар, мінез-құлықтары да бір-біріне ұқсайтынын, бірге жүріп, бірге тұратынын, ойнаса да, сабаққа дайындалса да жұптары жазылмайтынын жеткізді. Тіпті, біреуі ауырса, қалғандарынан маза қашатынын тілге тиек етті. Ата-анасына үй шаруасында қолғабыс етеді. "Біз бәріміз бір адам секілдіміз. Бірдей ойлаймыз, бірдей әрекет етеміз. Бұрын жан-жағымыздағылар бізге таңырқай қарайтын, уақыт өте келе үйренді",- деді Дима. Қазір егіздердің жасы 18-де. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін кітаптан бас алмай дайындалып жатыр. Егіздер бір мамандықты таңдап отыр. Десе де олар қандай мамандықты таңдайтындарын әлі шешкен жоқ. Десе де болашақта олар дәрігер немесе инженер болуы мүмкін екенін жасырмады. "Егер бір факультетке түсе алмасақ, жолымыз айырылады. Біз бір-бірімізден бөлек кетуге үйренбегенбіз",- деді Разан. Егіздердің ата-анасы денсаулықтарына байланысты жұмыс істемейді. Анасы бүйрек ақауынан зардап шексе, 58 жастағы әкесі сусамырдан және тізесінің ауырғанын жүріп-тұруы қиын. 

0 пікір
Мұрағат