Басына қонған бақты сорға айналдырған ел
|

2023 жылы адамзат саны 8 млрд адамнан асты. Алайда, бұл әлеуетті пайдалану жағы әр мемлекетте әрқалай. Бұл жайында islam.kz порталы Weekly Trust ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда Үндістан халқының саны жағынан Қытайды басып озды – 1,43м лрд адамға жетті. Ал Қытайда керісінше тұрғындар қарасы ондаған жылдарға созылған демографиялық шектеу саясатынан кеміп келеді. Болжам бойынша 2100 жылдан соң қытай халқының қарасы 1 млрд адамға жетпейтін болады. Соған қарамастан Қытай озық инфрақұрылымын, жоғары технологиясын адам капиталын арттыру бағытында адам капиталын дамытуды қолға алса, Африка құрлығындағы халқының саны ең көп Нигерия жүйелі проблемамен күресіп келеді. Қытай халқы қартаю процесін кешіруде әрі туу көрсеткішінің (коэффициенті) төмендеуіне байланысты (бір әйелге 1,2 баладан келеді) түрлі әлеуметтік ынталандыру шараларын қолға ала бастады. Жасанды зерде, жаңыртпалы энергия көздері, біліктілігі жоғары жұмысшы күші, жылдамдығы аса жоғары теміржол желісі, т.б. секілді технологияларымен әлемнің алдыңғы қатарында тұр. Бұл нәтижелер Қытай билігінің теек адам санын арттырыру бағытында ғана жұмыс істемей, сонымен қатар, адами капиталды дамытуға ден қойғанын әйгілеп береді. Нигерия Африка құрлығындағы халқының саны ең көп ел. Алайда, нигерліктердің 45 пайыздан астамы 15 жастан кіші, жастар арасындағы жұмыссыздық. 35 пайызға жете-қаабыл инфляция деңгейі, қауіпсіздік саласындағы дағдарыс елді тығырыққа тіреп отыр. Билікке таласқан саясаткерлер денсаулық сақтау мен білім беру секілді адам капиталымен тікелей байланысты салаларды жеткілікті деңгейде қаржыландырмайды. Қауіпсіздіктің жоғынан 1,3 млн адам елдің солтүстігіндегі үй-жайын тастап кеткен. Басқарудың сәтсіздігінен экономиканың тұрақсыздығы орын алған. Либералдық экономистер популистік риторикаға қарсы тұру үшін халық санының көптігін ескере отырып, жаппай тұтынуға негізделген экономикалық өсімді қолдайды. Алайда, бұл модел білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы теңсіздікті жоя алмайды. Бұған қоса, биліктегілердің саясаты адам капиталына емес, протекционизмге басымдық береді, бұл теңсіздікті күшейтеді. Екінші жағынан, салыстыру үшін алсақ, Германия мен Франция өнімді және тұрақты жұмыс күшін қалыптастыруға ықпал ете отырып, қоғамдық денсаулық сақтауға жалпы ішкі өнімнің 11 пайыздан астамын бөледі. Жастардың басым болуына қарамастан, нигериялық әйелдердің 20 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша білім беруге салынған әрбір доллар 10 доллар пайда әкеледі. Қытайдың STEM-ге және Үндістанның өсіп келе жатқан технологиялық секторына назар аударуы осыны көрсетеді, ал Нигерияның қаржыландырылмаған мектептері мен денсаулық сақтау жүйесі кедейшілік қамытынан құтыла алмайды. Нигерия билігінің ең басты қателігі – халық санының көптігін бір кездегі Қытай секілді масыл деп қаруында, адамды актив ретінде бағаламауында жатыр.




