Жаһандық әскери шығын рекордтық деңгейге жетті
Жаһандық әскери шығын рекордтық деңгейге жетті
16 күн бұрын 604 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Angelika Warmuth / Reuters

Өткен жылы (2024) әлем бойынша әскери шығын өсімі рекордтық деңгейге жеткен - 2,72 триллион доллар. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Стокголм қаласындағы әлем прблемаларын зерттеумен айналысатын халықаралық институт (SIPRI) келтірген дерекке жөн сілтеген ТАСС ақпаарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық әскери шығын айналдырған бір жыл ішіде, яғни, 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,4 пайызға артқан. Қарулану деңгейі, әсіресе, Еуропа мен Таяу Шығыс аймағында күрт өскен. 2024 жылы кәрі құрлықтан бір ғана Германияның әскери шығындары 28 пайызға өсіп, осынау еуропалық елге АҚШ, Қытай және Ресей Федерациясынан кейін қару-жарақ мөлшері бойынша әлемде төртінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Ал Америка құрама штаттарының, Қытай халық республикасының, Германияның және Үндістанның қорғаныс саласындағы шығын үлесі жаһандық көрсеткішке шаққанда 60 пайызды құрады. Күллі әлемде әскери шығынның жаһандық жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2,5 пайызды құрады. 2024 жылы әлемде екі жүздей мемлекет болса, сонығ 100-і әскери шығынын еселеген екен. Негізінде әскери шығын тек өткен жылы ғана емес, 2022 жылы соңғы сегіз жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға артқан.

0 пікір
Мұрағат