Бүкіл әлем бойынша ауызсу қауіпті PFAS-пен ластанған
|

Перфторланған органикалық қосылыстар (PFAS) әлемдегі ауыз су көздерінің басым көпшілігінде анықталған. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian мерзімді басылыимына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу нәтижелерін талдай келе осындай қорытындыға келді. Экологтардың баяндамаларынде келтірілген дерекке сәйкес, Қытай мен Ұлыбританияда су құбыры суын тексеру кезінде PFAS үлгілердің 99% -да кездескен. Денсаулыққа қауіпті аталған затпен шөлмектерге құйылған су да ластанған: 15 мемлекеттен алынған сынамалардың 63%-да су құрамында қауіпті перфторланған органикалық қосылыстар бар болып шықты. Жаһандық сипат алған бұл экологиялық дағдарыс адамзаттың болашағына қауіп төндіреді. Ауызсудан келетін кеселдің алдын алу үшін ең құрығанда суды қайнатып ішу немесе сүзгіні пайалану керек. Сарапшылар PFAS-тың тірі организмдердің тініне еніп, қалқанша безін қабындырады, ұрпақ өрбіту қабілетіне кері әсерін тигізеді, ең қауіптісі – қатерлі ісік ауруына бастайды. PFAS жоғары температураға төзімділігі мен су өткізбейтін қабілетінің арқасында XX ғасырдың ортасынан бастап белсенді қолданылатын 9 000-ға жуық синтетикалық қосылыстарды біріктіреді. Оларды антипригарлық жабындар, өрт сөндіргіштерге арналған көбік, орау материалдары, тоқыма, опа-далап, тіпті, балалар тауарларын өндіру кезінде пайдаланады. Бұл заттардың химиялық құрамы оңайшылықпен бұзылмайды, ал бұл жайт экожүйенің «мәңгілік» ластаушыларының біріне айналдырады. PFAS-пен қоршаған ортадағы ең көп ластанғаны – су. Топыраққа, ауаға, өсімдікке қарағанда, су – PFAS-пен ең негізгі ластанған көз. Бұл тығырықтан шығу үшін химиктер жатпай-тұрмай PFAS-ты алмастыратын баламасын іздестіруде.




