|
Башар Асад әскері жойқын шабуыл жасады (фото 18+)
|
Сирияның әскери әуе күштерінің тамыз айының 16-сы күнгі жойқын шабуылынан қаза тапқандар саны 96 адамға жетті. Дамаскі маңындағы Дума қаласының базарына жасалған шабуылдан 200-ден аса адам ауыр жарақат алған. Бұл жайында «AFP» ақпрат көзі хабар таратты. Құқық қорғаушылардың айтуынша, осы елде төрт жылға созылған соғыстағы адам қаны судай аққан ең сұрапыл шабуыл болған. Адам құқығы жөніндегі сириялық обсерваторияның келтірген мәліметіне қарағанда, базарға кем дегенде он зымыран тастаған. Төтенше жағдай орын алған жерге құтқарушылар келгенде де шабуылды тоқтатпаған. Сол күні осы шаһарға көрші жатқан Хараста әл-Басал қаласы да шабуылға ұшыраған.









Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады