Азиядағы орны толмайтын экологиялық апат
Азиядағы орны толмайтын экологиялық апат
2 ай бұрын 646 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы 20 жыл ішінде аптап ыстық пен құрғақшылық, әсіресе, Азияның шығысында белең алып келеді. Көп ұзамай бұл өзгерістен аталған аймақтың экологиясына орны толмас апат орын алады. Бұл төңіректе құрамына оңтүстік Корея, Жапония, Швеция, Қытай және АҚШ ғалымдары кірген халықапралық топтың зерттеуі Science мерзімді басылымында жарияланды. Бұл бағытта ғалымдар соңғы 260 жылдағы шығыс Азияның климат ахуалын зерделеді. Қалай зерделеді дейсіздер ғой? Олар ауа температурасы мен топырақтың ылғалдығылы әсерін тигізетін жергілікті ағаштардың жасы мен жылынан хабар беретін сақинасының енін талдау арқылы зерделеді. Белгілі болғандай, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, климат ыстық жағына қарай ойыса бастаған. Ең ыстық нүкте ретінде Моңғолия аумағы аталып отыр. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері аталған аймақта жаһандық жылыну әсері өзге өңірлерге қарағанда қатты білініп отыр. Осыған байланысты бұл өлкеде жауын-шашын жылдан жылға аз түсіп, құрғақшылық жайлап барады. Бұл көп ұзамай қалыпты жағдайға айналады, яғни, бұрынғы қалпына қайтып келмейді. Ал бұл аймақтағы шөлейттену процесі күллі солтүстік ендікке сөзсіз әсерін тигізетін болады. Соның ішінде Сібір климатының өзгеруіне да ықпал етпек.

0 пікір
Мұрағат