2021 жылы мүгедектік құжаттарын рәсімдеу жеңілдейді
2021 жылы мүгедектік құжаттарын рәсімдеу жеңілдейді
3 жыл бұрын 2331

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2021 жылы мүгедектік құжаттарын рәсімдеу жеңілдейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дәурен Ерболат.

Оның айтуынша, алдағы жылы мүгедектік құжаттарын рәсімдеуді жеңілдету мақсатында цифрлық жоба іске қосылады. Ол "Мүгедектікті сырттай белгілеу және проактивті форматта әлеуметтік қызметті көрсету" деп аталады.

"Бүгінде өтініш беруші бірнеше инстацияға жүгінуге тура келеді. Қызметтер толық автоматтандырылғаннан кейін 2021 жылы өтініш беруші тек емханаға тексерілу үшін жүгінеді. Көрсетілетін қызметтердің қалған сатылары мүгедектікті белгілеуді, жәрдемақыны тағайындауды қоса алғанда кешенді электронды түрде жүзеге асырылады. Жобаны іске асыру мүгедектігі бар адамдардың қызмет берушімен байланысын болдырмауға мүмкіндік беріп, қызмет уақытын едәуір қысқартады", - дейді министр үкімет отырысында. 

Сонымен қатар, Біржан Нұрымбетов бұл жобаны толық жүзеге асыру үшін жыл аяғына дейін Денсаулық сақтау министлігіне қарасты ақпарат жүйелері және басқа да мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграция дайындығын аяқтау маңызды екенін атап өтті.

0 пікір
Мұрағат