Ғалымдар Жердің құнын атады
Ғалымдар Жердің құнын атады
3 жыл бұрын 2730 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Санта-Круздағы Калифорния университетінің астрофизигі Грег Лафлин Жерді бағалаудың өзіндік формуласын жасады. Оның есептеуінше, Жердің құны бес квадриллион долларға тең. Бұл жайында Mail Online ақпарат көзі мәлім етті. Грег Лафлин Жердің құнын есептеуді неге сүйенді немесе қандай негіздерді ескерді? Ол Жердің салмағын, температурасын, жасын, т.б. жердені тіршілікті қамтамасыз ететін көптеген факторларды қаперге алған. Ғалымның тұжырымдауынша, Жер күн жүйесіндегі ең қымбат планета болып шыққан. Салыстыру үшін Жерді қызыл планета атанып кеткен Марспен қатар қойып көрген екен: Марстың құны 16 мың доллардан аспаған – өмір сүруге қолайсыздығы үшін. Ал Шолпанның құны 1 цент қана. Осылай дей келе ғалым құны 80 000 000 доллардан кем планеталарды адамзат үшін пана ретінде қарастыруға болмайтынын тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат