Арнайы курстен өткен аустралиялық әскерилер арасында суицид көптеп тіркелуде
Арнайы курстен өткен аустралиялық әскерилер арасында суицид көптеп тіркелуде
2 ай бұрын 334 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Athit Perawongmetha / Reuters

Аустралиялық 45 сарбаз жау қолына тұтқынға түскен жағдайда азаптауға және жауап алуға (тергеуге) дайындайтын арнайы курсты аяқтағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсады. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аустралиялық барлау мектебі жетекшісінің орынбасары полковник Саймон Доус мұндай арнайы курстар қарулы қақтығыстар жүріп жатқан аймақтарда немесе майдан даласында тұтқынға түскен әскери қызметкерлердің осы төтенше жағдайда аман қалуға психикалық және физикалық дайындығын қамтамасыз ету үшін жүргізілетінін жеткізді. Аустралиялық полковник, сонымен қатар, арнайы курсқа қатысушылардың стрестен жиі ес-түссіз күйге түсіп, түрлі оғаш қылықтарға баратынын да жасырмады. Сондай-ақ, ол өз-өзіне қол жұмсаған қайғылы оқиғаларға өкініш білдіре келе әрбір сарбаздың өмірі маңызды екенін мәлімдеді. Сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсауына байланысты тергеу комиссиясы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, бұдан бөлек, бұрынғы әрі қазіргі әскери қызметкерлердің өтініштерін тексеріп, осы арнайы курсты аяқтағаннан кейін психологиялық қолдау көрсетуге жауапты органдармен ынтымақтастық шараларын қарастыруда.

0 пікір
Мұрағат