Англияда христиандар саны алғаш рет халықтың жартысына да жетпей қалды
Англияда христиандар саны алғаш рет халықтың жартысына да жетпей қалды
2 ай бұрын 671 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2021 жылы жүргізілген Англия мен Уэлстегі христиандардың үлесі халық санағы кезінде алғаш рет тұрғындардың 50%-дан азын құрады. Бұған Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасының (Office for National Statistics, ONS) деректері дәлел бола алады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Англия мен Уэлстегі халық санағы тарихында алғаш рет халықтың жартысынан азы (46,2%, 27,5 миллион адам) өзін христианмын деп белгілеген, бұл  көрсеткіш 2011 жылғымен салыстырғанда (33,3 миллион адам) 13,1 пайызға аз», - деп айтылған бұл тараптағы құжатта. ONS мәліметі бойынша Англия мен Уэлстегі атеистер санының 2011 жылғы 25,2%-дан (14,1 млн) 2021 жылы 37,2%-ға (22,2 млн) дейін өскеніне қарамастан, екі елдегі ең көп ұстанатын діні христиандық болып қала береді. Құжатта Англия мен Уэлстегі мұсылмандардың үлесі де 2011 жылмен салыстырғанда артып, 2021 жылы халықтың 6,5 пайызын (2,7 миллион) құрағаны атап көрсетілген. Үнді наным-сеніміндегілер саны 1 миллионға жеткен, сикхтер жарты миллионнан асты, ал будда нанымындағылар (273 000 адам) қарасы еврейлерден (271 000 адам) асып түсті. Діни құрамның өзгеруіне демографиялық факторлар, атап айтқанда, өлім-жітім, туу және көші-қон деңгейінің өзгеруі себеп болып отыр. Англия мен Уэлстің 2021 жылғы санағында дін туралы сұраққа екі ел халқының 94 пайызы (56 миллион адам) жауап берді, деп хабарлайды ONS. 

0 пікір
Мұрағат