АҚШ «чип соғысында» Қытайға тағы бір «соққы» бермек
АҚШ «чип соғысында» Қытайға тағы бір «соққы» бермек
10 ай бұрын 1082 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Robert Michael / Globallookpress.com

Америка құрама штаттарының сауда-саттық министрлігі Қытай мен өзге де елдерге жартылай өткізгіш өндірісін қаржыландыру үшін АҚШ үкіметінің субсидияларын пайдалануға тыйым салады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шешім АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қорғау қажеттілігінен туындағаны айтылған хабарда. «Чиптер және ғылым туралы» заңда 52,7 миллиард доллар мемлекеттік субсидия бөлу қарастырылған. Қаражат жоғары технологиялар саласында түрлі зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ, жұмыс күшін дамытуға жұмсалуы керек. Шектеу шараларының соңғы тізімі жарияланғаннан кейін АҚШ президенті Жо Байден әкімшілігінің өкілдері жартылай өткізгіш өндірушілерге 39 миллиард доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетуге көшуі мүмкін. Аталмыш заңның соңғы нұсқасының негізгі ережелеріне сәйкес грант алушылар қаражатты шет елдерде, соның ішінде Қытай мен Ресейде өндірісті ұлғайту үшін пайдалана алмайды немесе бірлескен зерттеулермен айналыса алмайды немесе мүдделі ұйымдардың көмегімен әзірленген технологияларды лицензиялай алмайды. Осы орайда Қытай халық республикасының тамыз айының 1-нен бастап батыс елдеріне осы заманғы технологияға қажетті, табиғатта сирек кездесетін металдарды, дәлірегі, галлия мен германияны экспорттауға тыйым салған болатын. Батыс елдерімен арадағы текетіреске байланысты. Осы шектеу енгізілгеннен кейін галлия мен германия экспорты деңгейін нөлге түсіп кетті. Чип және жартылай өткізгіштер өндірісі саласындағы қытай-америка қатынасының шиеленісуін сарапшылар Қытайдың табиғатта сирек кездесетін металдарды өндіру бойынша толық циклі бар әлемдегі жалғыз ел екендігімен түсіндіреді. Қытай бұл тарапта әлемдік нарықтың 60-тан 85 пайызына дейін өз бақылауында ұстап отыр.

Ұқсас материалдар:

«Чип соғысында» қытай тарапы қарымта қайтарды» (https://islam.kz/kk/news/alem/chip-sogysynda-qytai-tarapy-qarymta-qaitardy-18859/#gsc.tab=0);

«Қытайда ең дәулетті 100 чип өндірушінің байлығы 28%-ға ортайды» (https://www.islam.kz/kk/news/madeniet/qytaida-en-dauletti-100-chip-ondirushinin-bailygy-28-ga-ortaidy-17896/#gsc.tab=0);

«Қытай дамуының жаңа "платформасы" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damuynyn-jana-platformasy-11484/#gsc.tab=0);

«Қытайдың аңдуға арналған технологиясын әлемге таратуының қаупі неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-anduga-arnalgan-tehnologiyasyn-alemge-taratuynyn-qaupi-nede-12513/#gsc.tab=0)  

«Германия 5G желісі бойынша қытай технологиясына тыйым салуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/germaniya-5g-jelisi-boiynsha-qytai-tehnologiyasyna-tyiym-saluy-mumkin-19196/#gsc.tab=0);

«Нидерланды озық технологияны Қытайға экспорттауға тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/niderlandy-ozyq-tehnologiyany-qytaiga-eksporttauga-tyiym-saldy-18845/#gsc.tab=0);

«Үндістан да қытай технологиясынан бас тартты» (https://islam.kz/kk/news/alem/undistan-da-qytai-tehnologiyasynan-bas-tartty-19003/#gsc.tab=0);

«Ұлыбритания мемлекет нысандарындағы қытай жабдықтарын жояды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniya-memleket-nysandaryndagy-qytai-jabdyqtaryn-joyady-18733/#gsc.tab=0);

«Ұлыбританияда қытай дрондарын пайдалануға тыйым салуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniyada-qytai-drondaryn-paidalanuga-tyiym-saluy-mumkin-18182/#gsc.tab=0);

«Қытайдың «тыңшы» видеокамераларына тыйым салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-tynshy-videokameralaryna-tyiym-salynuy-mumkin-15397/#gsc.tab=0);

«Қытайдың аңдуға арналған технологиясын әлемге таратуының қаупі неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-anduga-arnalgan-tehnologiyasyn-alemge-taratuynyn-qaupi-nede-12513/#gsc.tab=0);

«НАТО бас хатшысы Қытаймен арадағы сауда-саттықты сақтықпен жүргізуді талап етті» (https://islam.kz/kk/news/alem/nato-bas-hatshysy-qytaimen-aradagy-sauda-sattyqty-saqtyqpen-jurgizudi-talap-etti-18792/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат