Экономикасы мейлінше еркін ел аталды
Экономикасы мейлінше еркін ел аталды
10 ай бұрын 768 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Then Chih Wey / Globallookpress.com

Сингапур күллі әлем бойынша экономикасы ең еркін ел атанды. Бұл жайында islam.kz порталы Канаданың Fraser Institute деп аталатын талдау орталығының баяндамасында келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Азияның оңтүстік-шығысында орын тепкен ел өткен жылы бұл тарапта екінші орыннан көрінген еді, биыл бірінші орынға шықты. Бұл бағытта сарапшылар индексті түзу барысында әр елдегі азаматтардың экономикалық еркіндік деңгейін, яғни, олардың өз бетінше экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін қаперге алады, бұдан бөлек, халықаралық сауданың жеңілдігін, нарықтарға еркін қол жеткізуін және олардағы бәсекелестікті, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапынан қалай реттелетінін ескереді. Аталған индекс 1970-шы жылы пайда болды. Сол мерзімнен бері бұл индексте Гонконг көш бастап, тек биыл ғана бұл орыннан төмен «сырғыды». Fraser Institute институтының аға ғылыми қызметкері Метиу Мишел Гонконгтың бұл индекстегі өзгерісін былайшы түсіндірді: экономикалық еркіндік саяси және азаматтық еркіндікпен тығыз байланысты екенін көрсетіп берді. 2020 жылы Қытай Гонконгтың ұлттық қауіпсіздікті қорғау туралы заңын қабылдады, ол қаланың автономиясын шектеді, деп сынға алынды. Осылайша, енді Гонконгтың егемендігін қолдауға бағытталған әрекеттерге себеп болған тұлғалар үш жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырумен жазаланады. Гонконг экономикасы авторитарлық режимнен зардап шеге бастағанының көрінісі, тіпті, шетелден жұмысшы күшін тартуға дейін шектеу қойылған. Үздік ондық құрамына Швейцария, Жаңа Зеландия, АҚШ, Ирландия, Дания, Австралия, Ұлыбритания және Канада кірді. Әлемнің ең ірі экономикалары арасында Жапония 20-шы, Германия 23-ші, Франция 47-ші орынды иеленді. Ресей 104-ші орыннан көрінсе, Қытай 111-ші орынды місе тұтқан. Ал ең соңғы он елдің қатарында Конго респуликасы,  Алжир, Аргентина, Либия, Иран, Йемен, Судан, Сирия, Зимбабве және Венесуэла тұр.

0 пікір
Мұрағат