«Чип соғысында» қытай тарапы қарымта қайтарды
«Чип соғысында» қытай тарапы қарымта қайтарды
1 жыл бұрын 708 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Feature China / Future Publishing / Getty Images

Қытай билігі тамыз айының 1-нен бастап галлия и германия экспортына қатаң шектеу қояды. Бұл жайында islam.kz порталы аталған елдің сауда-саттық министрлігіне жөн сілтеген Market Watch ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай халық республикасының табиғатта сирек кездесетін металдармен жабдықтаушылары аталған металдарды эксопрттауы үшін тиісті орындардан арнайы лицензия алуы тиіс. Рұқсат алу үшін материалдарды қандай мақсатта қолданатынын көрсетуі керек. Қытай мемлекеттік қауіпсіздік пен ұлттық мүддені қорғау үшін чип пен осы заманғы озық технология өндірісіне аса қажетті галия мен германия экспортына бақылауды күшейту шарасын қолға алатынын мәлімдеді. Қытай – табиғатта сирек кездесетін металдарды өндірудің толық циклі бар әлемдегі жалғыз мемлекет. Қытай бұл саладағы әлемдік нарықтың 60-тан 85 пайызына дейін бақылайды. Қытай билігінің бұл шешімі жылдар бойы жалғасып келе жатқан «чип соғысының» келесі қадамы болды. 2022 жылдың қазан айында Америка Құрама Штаттарының өзі елге жоғары технологиялық компоненттерді жеткізуге шектеулер енгізді. Алты айдан кейін, дәлірегі, 2023 жылдың сәуірінде Қытайдың Интернет-ақпарат жөніндегі мемлекеттік кеңсесі америкалық чип өндіруші Micron Technology компаниясына қарсы тергеу амалдарын бастады.

Ұқсас материалдар:

«Нидерланды озық технологияны Қытайға экспорттауға тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/niderlandy-ozyq-tehnologiyany-qytaiga-eksporttauga-tyiym-saldy-18845/#gsc.tab=0);

«НАТО бас хатшысы Қытаймен арадағы сауда-саттықты сақтықпен жүргізуді талап етті» (https://islam.kz/kk/news/alem/nato-bas-hatshysy-qytaimen-aradagy-sauda-sattyqty-saqtyqpen-jurgizudi-talap-etti-18792/#gsc.tab=0);

«Қытайда ең дәулетті 100 чип өндірушінің байлығы 28%-ға ортайды» (https://www.islam.kz/kk/news/madeniet/qytaida-en-dauletti-100-chip-ondirushinin-bailygy-28-ga-ortaidy-17896/#gsc.tab=0);

«Қытай дамуының жаңа "платформасы" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damuynyn-jana-platformasy-11484/#gsc.tab=0);

«Қытайдың аңдуға арналған технологиясын әлемге таратуының қаупі неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-anduga-arnalgan-tehnologiyasyn-alemge-taratuynyn-qaupi-nede-12513/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат