Нидерланды озық технологияны Қытайға экспорттауға тыйым салды
Нидерланды озық технологияны Қытайға экспорттауға тыйым салды
1 жыл бұрын 781 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы озық технологияға қатысты АҚШ енгізген шектеу шарасына еуропалық ел қосылды. Нидерланды бұдан былай жартылай өткізгіш өндірісіне аса қажетті негізгі құралды Қытайға экспорттауды тоқтатады. Осылайша Нидерланды АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық соғысына қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нидерланды - заманауи чиптерді өндіруге қажетті жабдықты өндіретін жартылай өткізгіштер секторындағы жетекші компаниялардың бірінен саналатын ASML компаниясының отаны. Америка Құрама Штаттары ұзақ уақыт бойы аталған елге қысым көрсетіп, бүкіл әлемде жартылай өткізгіштерді әзірлеу мен өндірудегі ASML компаниясының маңызды рөліне байланысты елді Қытаймен сауда соғысына қосылуға көндірді. Голландиялық компаниялар биліктің талабы бойынша стартегиялық маңызы зор алдыңғы қатарлы жабдықтың белгілі бір бөлігін шетелге шығаруы үшін арнайы лицензия алуға өтініш беруі керек, таяуда қабылданған бұл ереже қыркүйек айының 1-нен бастап күшіне енеді. Жаңа заңда экспорттық шектеулер енгізілетін елдер нақтылы көрсетілмеген, тіпті, онда ASML өнімдері бойынша шектеу еншізілетіні де айтылмаған. Голландия үкіметі аталмыш ереженің әскери мақсатта қолданылуы мүмкін «жетілдірілген жартылай өткізгіштерді әзірлеуге және өндіруге арналған өте нақты технологияларға» қатысты екенін алға тартып отыр.

Ұқсас  материалдар:

«НАТО бас хатшысы Қытаймен арадағы сауда-саттықты сақтықпен жүргізуді талап етті» (https://islam.kz/kk/news/alem/nato-bas-hatshysy-qytaimen-aradagy-sauda-sattyqty-saqtyqpen-jurgizudi-talap-etti-18792/#gsc.tab=0);

«Қытайда ең дәулетті 100 чип өндірушінің байлығы 28%-ға ортайды» (https://www.islam.kz/kk/news/madeniet/qytaida-en-dauletti-100-chip-ondirushinin-bailygy-28-ga-ortaidy-17896/#gsc.tab=0);

«Қытай дамуының жаңа "платформасы" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damuynyn-jana-platformasy-11484/#gsc.tab=0);

«Қытайдың аңдуға арналған технологиясын әлемге таратуының қаупі неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-anduga-arnalgan-tehnologiyasyn-alemge-taratuynyn-qaupi-nede-12513/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат