Үндістан да қытай технологиясынан бас тартты
Үндістан да қытай технологиясынан бас тартты
12 ай бұрын 873 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістан билігі елдегі әскери немесе соққы беруші дрондарды құрастыратын компанияларға қауіпсіздік жүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін деген қатермен қытай деталдарын пайдалануға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде үнділердің қорғаныс өнеркәсібінің өкілдеріне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үнді билігінің бұл қадамы ұшқышсыз ұшу аппаратын кеңінен пайдалануды қарастыратын әскерді модернизациялау бағдарламасымен байланысты. Үндінің әскери сарапшыларының айтуынша, қытай тарапы барлау мәліметтерін дронға қажетті деталдар арқылы, соның ішінде камера, радиотолқын жүйесі және дрондардың операциялық бағдарлама жасақтамалары арқылы жинауы мүмкін. Тек Үндістан ғана емес, сонымен қатар, АҚШ-та Қытай технологиясынан сақтану қамына кірісті. Ақ үй қожайыны Джо Байден Қытайдың технологиялық саласына америкалық бизнестің инвестиция құюына шектеу енгізетін жарлыққа қол қойды. Қытайдың барлау, тыңшылық секілді мақсаттарда технологияны пайдалануынан қауіптеніп отыр. АҚШ-тың қаржы министрлігі қытайдың жартылай өткізгіштер өндірісіне, жасанды зерде, кванттық ақпараттық технология, микроэлектроника салаларына инвестицияны қадағалайтын болады.

0 пікір
Мұрағат