Қытайдың «тыңшы» видеокамераларына тыйым салынуы мүмкін
Қытайдың «тыңшы» видеокамераларына тыйым салынуы мүмкін
3 жыл бұрын 1814 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың байланыс жөніндегі федералды комиссиясы (FCC) ел билігіне мемлекеттік мекемелерде қытай компанияларының видеобақылау камералыран қолдануға тыйым салуды талап етуде. Аталмыш комиссяи қытай видеокамераларын Қытай билігі аңду әрі тыңшылық ету құралына айналдырып алғанына сенімді. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. FCC өкілдері «қара тізіміне» қытай компанияларының қатарында Huawei и ZTE, Hikvision, Dahua және Hytera технология алыптары кірген. Аталған қытай компанияларының құралдары мен құрылғылары ел аумағындағы мектептер мен жергілікті өз-өзін басқару мекемелерінде қолданылады. FCC сарапшыларының айтуынша, қытай видеокамералары кибертыңшылықтың құралы әрі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Өйткені, аталған компаниялар Қытайдың әскери әрі барлау қызметімен байланысқаны үшін айыпталған болатын. Сөз орайы келгенде АҚШ билігі бұрындары қытайдың Huawei және ZTE телекоммуникациялық құрал-жабдықтарын пайдалануға тыйым салғанын айта кету керек.

Ұқсас материалдар: 

"Мұсылмандарды байқатпай аңду үшін құс түріндегі дрон ұшырылады (фото+видео)" (https://islam.kz/kk/news/alem/musylmandardy-baiqatpai-andu-ushin-qus-turindegi-dron-ushyrylady-fotovideo-10439/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат