|
Апатқа ұшыраған ұшақ ұшқышының соңғы сөзі белгілі болды
|
Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың ақпан айында Тайванда 58 жолаушыны алып ұшқан ұшақтың апатқа ұшырап, нәтижесінде 33 адамның қаза тапқаны жайында сайтымызда хабарлаған едік. Осы апаттың неден орын алғаны турасында Тайванның авиациялық қауіпсіздік кеңесі мынадай хабар таратты. Дәлірегі, аталмыш ұшақтың апатқа нендей себеппен ұшырағаны ұшқыштың соңғы сөзінен белгілі болып отыр.
Белгілі болғандай, ұшқыштың соңғы сөзі: «Уау, мен өзге двигателді ажыратып тастаппын»,- болды. Тарқатып айтқанда, лайнердің оң жақ двигателі істен шыққан. «Қара жәшіктен» анықталғандай, ұшқыш істен шыққан двигателді ажыратудың орнына жұмыс істеп тұрғанын ажыратқан. Ұшқыш соңғы сәтіне дейін қай двигателді ажыратқанын білмеген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
■
Екі саусақ санына жетпейтін жылдарда мұсылмандар қарасы христиандар санынан асып түседі
■
Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
■
Түркі елі балгерлік пен оккультты қызмет жарнамасына тыйым салды
■
Бір ғана елдің өзі жылына пробиркіде 450 тонна құс етін өсіре алатын деңгейге жеткен