Алғаш рет интернет соты ашылды
Алғаш рет интернет соты ашылды
7 жыл бұрын 2256 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайда тұңғыш рет интернет соты ашылды. Оның ресми ашылу салтанаты Чжэцзян провинциясына қарасты Ханчжоу қаласында өтті. Мұндай таңсық сотты ашу Қытай коммунистік партиясының орталық комитетінің 36-шы сессиясында қабылданды. Интернет сот онлайн сауда-саттықтағы алаяқтықпен байланысты, сондай-ақ, онлайн режимінде борыштық келісім-шарттар туралы және ғаламтордағы авторлық құқықтың бұзылуына қатысты істерді қарайды. Соттың барлық процедуралары - шағым түсіруден бастап, істі қозғауға дейін - аталған соттың сайты арқылы жүргізіледі. Тараптарды тыңдау мен үкімді жариялау да нақты уақыт аралығындағы режим бойынша видеотранслация арқылы жүргізілетін болады. Айта кетейік, аталмыш қаланың сот жүйесі кибер қылмысқа қатысты көптеген істі жүргізген болатын. Мәселен, 2013 жылдың өзінде 600-ге тарта кибер қылмыспен байланысты істі қарастырған екен. Ал өткен жылы кибер қылмыстың саны 10 мыңнан асып кеткен. Кибер қылмыстың саны жылдан жылға артуына байланысты Қытай билігі интернет сотын ашуды жөн көрген. 

0 пікір
Мұрағат