«Адам құқығына қатысты демократиялық елдің екіжүзді саясаты» - стеоротип пе әлде "риторикалық сауал ма"...
«Адам құқығына қатысты демократиялық елдің екіжүзді саясаты» - стеоротип пе әлде "риторикалық сауал ма"...
3 жыл бұрын 2163 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы Швеция билігінен әлемнің барлық елінде қызметі мен әрекетіне заң жүзінде қатаң тыйым салынған Сирия жеріндегі сойқанда содырлар сапында соғысқан азаматтарын алып кетпей халықаралық құқықты бұзғаны үшін айыптап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы  Fria Tider мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өздеріңіз де білесіздер, елімізде де жат ағымның жетігінде кетіп, Сирия асқан бұрынғы лаңкестер мен олардың отбасы елге алдырылып, оңалту және бейімдеу орталықтарында орналастырылды. Қолына қару алып содырлар сапында соғысқандары жазасын өтеуде. Осылайша жаза басып, адасқан азаматтарынан теріс айналған жоқ. Сирия жерінде тұтқындарға арналған лагерде жатқан Швеция азаматтары әлі күнге отанына оралмағандықтан БҰҰ-ның терроризммен күрес жөніндегі ресми өкілі Фионнуала Ни Аолайн SVT эфирінен Швецияны халықаралық құқықты бұзды деп айыптады әрі Швед билігінен Сирия жеріндегі азаматтарын алып кетуді талап етіп отыр. Швеция осылайша Сирия жеріндегі содырлар сапында соғысқан азаматтарын алдыртпаған 56 елдің қатарында тұр. Осы орайда Ресейде Алексей Навалныйдың тұтқындалуына байланысты Швецияның сыртқы істер министрі арнайы Мәскеуге келіп, Навалныйды тұтқыннан босатуды талап еткен болатын. РФ билігінен. Навалныйды адам құқығын желеу етіп, Ресейге қысым көрсетудің құралы етіп отырғанын осы қадамынан да аңғара аласыз. Әлбетте, Навалный мен содырларды салыстыру ақылға сыймайды, алайда, Навалный өзге елдің азаматы, Сириядағы өз азаматтарын «тағдыр тәлкегіне» тастап отыр. Екінші жағынан,  Навалный мен содырлар мәртебесін салыстыру тағы қисынға келмейді: Навалный авторитарлық режиммен күресіп жүрген тұлға ретінде танылса, содырлар моралдық тұрғыдан қандай да бір қатаң жазаға лайық, соның ішінде, азаматтықтан айыруға дейін жаза қолданылса, ақылға қонымды көрінеді. Өздеріңіз білесіздер, әлемнің бірқатар елінде терроризмге қатысы бар тұлғаларды азаматтықтан айыру қарастырылған. Бұл мәселе 2017 жылы елімізде де сол кездегі ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен көтерілген болатын. «Мир» телеарнасына берген сұхбатында елбасы экстремистік ұйымдарға мүше болғандарды автоматты түрде азаматтықтан айыруды қарастырылған заңнама барын алға тартқан болатын. Десе де бұл арада мынадай сауал туындаған еді: елден кетіп, лаңкестер қатарына қосылғандарды автоматты түрде азаматтықтан айырса, бұл халықаралық құқыққа қайшы емес пе? Бұл – бір. Екіншіден, олардың қайтқанын күтіп, сот процедурасын өткізіп барып, азаматтықтан айыру керек пе? Әлбетте, қандай да бір мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірмесе, ең алдымен халықаралық құқық басшылыққа алынуы тиіс. Қисын бойынша. Тіпті, сол кезде бұл ұсыныс қоғамда қызу пікірталас тудырған да болатын. мәселен, Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюро директорының орынбасары Денис Дживага террористі азаматтықтан айырғанымен ешбір елдің қабылдамайтынын алға тартқан еді, өйткені, ол саяси пана сұрайтын тұлға емес, лаңкесті ешбір ел керек етпейді. Дәл сол 2017 жылдың көктемінде РФ Мемлекеттік думасында қабылданған бұл тараптағы заң талаптары бойынша осы елде туып-өскен адам лаңкестік әрекетімен көзге түссе, ондай адамды азаматтығынан айырылмайды, есесіне, қатаң жазасын алады, ал өзге елден келіп осы елдің азаматтығын алған тұлға экстремистік ұйымға кірсе немесе басқалай жолмен көзге түссе, ондай адам Ресей азаматтығынан айырылады.

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат