Әлемде жаңа «кәсіп» пайда болды ақы төленетін
Әлемде жаңа «кәсіп» пайда болды ақы төленетін
11 ай бұрын 717 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті, Фото: Jan Kronies / Unsplash

Бразилия билігі орман-тоғайды қорғауға немесе сақтауға бағытталған еңбекке тартылған кедей отбасыларына ақы төлеуді қарастыратын әлеуметтік бағдарламаны іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Латын Америкасындағы аталған елдің қоршаған ортаны қорғау және климат министрі Мирин Силбаның мәлімдемесіне жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Планетадағы ең ауқымды орман – Амазонды қорғауға бағытталған бұл бастама негізінде қабылданған Bolsa Verde бағдарламасы аясында 30 мың кедей отбасына ақы төленеді. Аталмыш бағдарламаның қашан басталып, қашан аяқталатыны туралы дерек жоқ. «Бүкіл әлем бойынша орман-тоғайдың 80 пайызы жергілікті қауымдар мен тайпалар тарапынан бақыланады және қорғалады», - деді Мирин Силба. Министрдің айтуынша, болашақта бағдарлама басқа аймақтарға, соның ішінде Атлантикалық орман мен Серрадо саваннасына да қатысты қолданылуы мүмкін. Колумбияның Толима университеті мен АҚШ-тың Орегон университетінің ғалымдары бірлесіп, Амазон орманының ең басты «жауын» анықтады: Колумбия билігі бұрын мәлімдегендей, есірткі алқаптары емес, жергілікті шаруалар (фермерлер) айтарлықтай зиян келтіретін болып шықты. Бұрын кокаин алу үшін коки деп аталатын өсімдік өсіруге алқапты кеңейту үшін есірткі саудагерлері орманды отайтын еді. Алайда, мал шаруашылығы үшін жайылымды ұлғайтуға мүдделі фермерлер есірткі саудагерлерінен асып түскен. Бір ғана 2018 жылы коки өсімдігі үшін оталған  орман аумағы фермерлер отаған орман аумағының алтындан бір бөлігін құраған.

Ұқсас материалдар:

"Амазония орманы толық оталса, салдары қандай болады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/amazoniya-ormany-tolyq-otalsa-saldary-qandai-bolady-15608/#gsc.tab=0);

"Бразилиядағы өрттен 1 жыл ішінде 17 млн жануар опат болған" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/braziliyadagy-ortten-1-jyl-ishinde-17-mln-januar-opat-bolgan-16191/#gsc.tab=0);

«Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/orman-jerdegi-aua-temperaturasyn-15-ga-salqyndatady-15596/#gsc.tab=0); 

«Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0);

"Қолдан егілген ағаш орман ағашын алмастыра алмайды – зерттеу" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qoldan-egilgen-agash-orman-agashyn-almastyra-almaidy-zertteu-16569/#gsc.tab=0);

«Жердегі ағаш түрлерінің үштен бірі жойылу алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/jerdegi-agash-turlerinin-ushten-biri-joiylu-aldynda-tur-15702/#gsc.tab=0);

"Cоңғы 60 жылда әлем бойынша орман аумағы жан басына шаққанда 9 есеге кеміген" (https://islam.kz/kk/news/alem/congy-60-jylda-alem-boiynsha-orman-aumagy-jan-basyna-shaqqanda-9-esege-kemigen-17208/#gsc.tab=0);

«17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/17-jyl-ishinde-frantsiya-aumagyndai-tropikalyq-orman-joiylgan-14931/#gsc.tab=0);

"22 жылда тау орман-тоғайының 78 млн гектары жойылған" (https://islam.kz/kk/news/alem/22-jylda-tau-orman-togaiynyn-78-mln-gektary-joiylgan-18339/#gsc.tab=0);

«Тропикалық орманның жойылу қатері артып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/tropikalyq-ormannyn-joiylu-qateri-artyp-keledi-17394/#gsc.tab=0);

«Адамзат өзіне көр қазып жатыр» ( https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-ozine-kor-qazyp-jatyr-11822/#gsc.tab=0);

«Кофенің кесірінен тропикалық орман жойылу алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/kofenin-kesirinen-tropikalyq-orman-joiylu-aldynda-tur-15030/#gsc.tab=0);

"Жаһандық жылынумен табиғаттың өзі күреседі – бұлтты ағартатын орман" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jahandyq-jylynumen-tabigattyn-ozi-kuresedi-bultty-agartatyn-orman-15825/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі ең ірі орманды армия қорғайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-en-iri-ormandy-armiya-qorgaityn-boldy-15436/#gsc.tab=0);

«Орманға от қойғандар үшін өлім жазасы енгізілуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/ormanga-ot-qoigandar-ushin-olim-jazasy-engizilui-mumkin-17027/#gsc.tab=0);

"Әлемдік экожүйедегі маңызы зор аймақ апатқа ұшырауда" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdik-ekojuiedegi-manyzy-zor-aimaq-apatqa-ushyrauda-15718/#gsc.tab=0);
 
Әлемдегі күллі орманның аумағы қанша гектар немесе планетаға ең зиянды он орман" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-kulli-ormannyn-aumagy-qansha-gektar-nemese-planetaga-en-ziyandy-on-orman-16110/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат