Жердегі ағаш түрлерінің үштен бірі жойылу алдында тұр
Жердегі ағаш түрлерінің үштен бірі жойылу алдында тұр
3 жыл бұрын 2294 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша 17 500 ағаш түріне жойылу қаупі төніп тұр. Бұл жердегі барлық ағаштың шамамен 30%-ын құрайды. Олардың көбісі Бразилияда, Индонезияда, Малайзияда, Қытайда, Колумбияда және Венесуэлада өседі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Botanic Gardens Conservation International (BGCI) ұйымы әзірлеген баяндамада келтірілген дерекке жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған қоса, 440 ағаш түрінің тек бірнеше ондаған данасы ғана қалған. Жойылу алдында тұрған ағаштардың саны жойылу қатері төнген барлық сүтқоректілерді, құстарды, бауырымен жорғалаушыларды, т.б. қоса алғанда екі есе көп. Жойылудың ең қауіпті деңгейінде оңтүстік-шығыс Азияда өсетін магнолия мен диптерокарпус ағаштары тұр. Бұл ағаштардан бөлек емен, үйеңкі, қараағаштар да көп ұзамай жойылуы мүмкін. Осы уақытқа дейін ағаштардың 142 түрі жойылып кеткен. Ағаштардың жойылуына тек орман өрті ғана емес, сонымен қатар, ауыл шаруашылық және өндіріс үшін орманның оталуы, құрғақшылық, тасқын-сел секілді табиғи әрі климат өзгерісіне байланысты орын алып отырған апаттар себеп болып отыр.

0 пікір
Мұрағат