Амазония орманы толық оталса, салдары қандай болады
Амазония орманы толық оталса, салдары қандай болады
3 жыл бұрын 2910 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ормандар оталуда, ормандар отқа оранып жатыр... Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында соңғы жылдары жиі көтерілетін тақырыпқа айналған бұл ғаламдық проблема шешімін табудың орнына, жылдан жылға түйткілге айналып барады. Жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне адамзаттың өзі кінәлі. Айыбын мойындап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың, ресурстың да түбі бір таусылатынын ескерудің орнына кері кетіп барады. Соның бір көрінісі – Амазония орманының оталуы әлі тоқтаған емес. Бұған адамзат қарасының көбеюі мен тұтынушылық мәдениеттің қалыптаспауы өз кесірін тигізуде. Әлемнің өкпесі атанған Амазония орманының оталуы тоқтамаса, атмосферада көміртектің шектен тыс шоғырлануы артып қоймай, сонымен қатар, тұтас экологиялық жүйе жойылады, ал оның зардабын күллі адамзат тартады. Ғалымдардың есебінше, Амзонияның тропикалық орманында 76 млрд тонна көміртек сақталған, орманның оталуы осынша көміртектің қоршаған ортаға тарауына ықпал етпек. Бұл жайында islam.kz порталы The Conversation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталған орман оталса, одан бөлінген көміртектің бір бөлігін әлемдік мұхит сіңіретін болады, ал қалғаны өзге экологиялық жүйелерге таралады, соның ішінде арктикалық орман сіңіретін ьолады, бұл жайт өз кезегінде жаһандық жылынудың қарқынын арттырады. Адамзат жылына 10 млрд тоннадай көміртекті атмосфераға бөледі екен. Амазония орманы тек көміртекті сіңіріп қоймайғ сонымен қатар, қисапсыз суды циркуляциясын қамтамасыз етіп отыр. Соның ішінде, Амазония орманының арқасында құрғақ маусымда бұлттардың біркелкі қалыптасуына ықпал етеді. Міне, осы маусымда орман барынша өсіп-өнеді. Амазонияның бұлтты және сулы жүйесінің бұзылуынан орман жойылып, оның орнына бос саванна қалыптасады. Бұл арада ғалымдар Амазония орманының жойылуынан 50 мың өсімдік түрі жоғалатынын алға тартып отыр. Мыңдаған жануар түрінен, жәндіктерден бөлек, әлі адамзатқа беймәлім жәндіктер фаунасының шамамен 10%-ы, ғылымға белгісіз саңырауқұлақтар мен микробтар мүлдем жойылады. Бұлардан бөлек жергілікті 30 млн халық опат болуы мүмкін. 

Ұқсас материалдар: 

«Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/orman-jerdegi-aua-temperaturasyn-15-ga-salqyndatady-15596/#gsc.tab=0); 

«Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0);

«17 жыл ішінде Франция аумағындай тропикалық орман жойылған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/17-jyl-ishinde-frantsiya-aumagyndai-tropikalyq-orman-joiylgan-14931/#gsc.tab=0);

«Адамзат өзіне көр қазып жатыр» ( https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-ozine-kor-qazyp-jatyr-11822/#gsc.tab=0);

«Кофенің кесірінен тропикалық орман жойылу алдында тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/kofenin-kesirinen-tropikalyq-orman-joiylu-aldynda-tur-15030/#gsc.tab=0)

«Әлемдегі ең ірі орманды армия қорғайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-en-iri-ormandy-armiya-qorgaityn-boldy-15436/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат