Бразилиядағы өрттен 1 жыл ішінде 17 млн жануар опат болған
Бразилиядағы өрттен 1 жыл ішінде 17 млн жануар опат болған
2 жыл бұрын 1586 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар әлемдегі орман қорының ең көп бөлігіне ие Бразилиядағы орман өртінің ауқымын бағалады. Аталған елдегі 2021 жылдың қараша айынын бері сөнбеген орман өртінен 17 млн омыртқалы жануар, соның ішінде құстар, бауырымен жорғалаушылар, маймылдар, т.б. жануарлар қынадай қырылған. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бразилиядағы WWF ғылыми зерттеу бөлімінің ғалымдары 22 000 жекелеген орман өртін тіркеген екен. Бұған пантанал (орманның табиғи жолмен өртенуі) себеп болған, алайда, ауқамдылығы жағынан ақылға сыймайтын немесе көңілге қонбайтындығымен ерекшеленген. Бұл бұрын-соңды болмаған құрғақшылықпен де байланысты – осы жолғы орман өртінен биологиялық әр алуандылық орнына келмейтін шығынға ұшырады. Орманн өртінен жойылған жануарлардың санын олардың күйіп қалған өлексесі арқылы анықталған. Әсіресе, бауырымен жорғалаушылар, соның ішінде жыландар қынадай қырылған. Бұл жайт аймақтың экологиялық тепе-теңдігіне кері әсерін сөзсіз тигізетін болады.

0 пікір
Мұрағат